Бізде сөз бостандығы қиындау, позициямды сол үшін өнермен жеткізем – әнші Aro

0

ARO лақап атымен танымал Арман Көмекұлы Замандас подкастында өзін қоғамның бір бөлшегі ретінде сезініп, іштегі ойын, позициясын өнері арқылы жеткізетінін мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ӘНШІ НЕ ДЕЙДІ

– Қазір бізде сөз бостандығымен қиындау. Оны мойындаймыз. Бірақ бәрібір бір азаматтық позицияң болады. Соны қауіпсіз қалай жеткізуге болады – өнеріңмен! Қызыл тілмен! Бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ. Сондықтан, қоғамның бір мүшесі болғаннан кейін мемлекетте даып, өскім келеді. Осы саясатпен менің де айналысқым келмейді. Ішіңде жүрген ой қалғандарын да мазаласа екен деген ниетпен осындай дүниелерді шығарамыз, – дейді ол.

ARO айта алмай жүрген мәселелерді өнер арқылы жеткізген кезде тыншып қалатынын айтады.

ӘНШІ ЖАЙЛЫ

Әнші Арман Көмекұлы мультиинструменталистік өнерімен танымал азамат. Өз шығармашылығында әртүрлі жанрды аспаптармен үйлестіреді. Бірқатар әнімен бірге «Адай» күйін өлеңмен өрбітіп, ел ішінде аты шыққан еді.

15 КҮНДІК ҚАМАУ

Биыл 2 желтоқсан күні кешкісін патрульдік полиция қызметкерлері Алматыдағы Шаляпин көшесінде «Тойота» көлігін тоқтатып, медициналық сараптама жасалып, жүргізушінің есірткілік мас күйінде болғаны анықтаған еді. Тергеу барысында көлік иесі әнші ARO екені белгілі болды, ол көлікті ағасына жүргізуге берген. Сотта іс көлік иесіне қатысты “басқаруды мас күйіндегі адамға беру” бабы, ал жүргізуші, әншінің ағасына қатысты “көлік құралын мас күйінде басқару” бабы бойынша қаралған. Сот екі айыпталушыны да әкімшілік қамауға алу туралы шешім қабылдады. Әнші Арман Сейітжаппар 15 тәулікке қамауға алынды. Сондай-ақ әнші жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.