Бізде құлаққа жағымды терминдер көп. Бәрі ауыз әдебиетінде жатыр

0

Бізде құлаққа жағымды терминдер көп. Бәрі ауыз әдебиетінде жатыр

Осыдан тура 14 жыл бұрын — 2005 жылғы 3 қарашада тіл мәселесіне қатысты өткен бір жиында қойын кітапшама былай деп жазып қойыппын:

1) мышь (мышка, комп.) — тінтуір;

2) клавиатура — пернетақта;

3) кнопка — батырма.

Бұл отырысқа белгілі термин маманы Ш.Құрманбайұлы мен тілші Е.Тілешов қатысыпты.

«Пернетақта» айтылып, жазылып жүр. «Батырма» бір-екі рет айтылғанын естідім. Ал «тінтуір» қолданылмайды. Неге? Естуімше, Қытай қазақтарының термині. Компьютерден бір нәрсені тінтіп, қарау деген емес пе? Оның орнына «жорғалақ» деген сөз қолданылғанын байқадым бір-екі рет. Тышқан жорғалайды ғой. Содан шығарғаны болар.

Айтуға да, жазуға да ыңғайлы, құлаққа жағымды терминдер көп бізде. Бәрі ауыз әдебиетінде жатыр. Архаизм дейсіз бе, историзм дейсіз бе… Әйтеуір бар. Кезінде спортқа садақ, қорамса, жамбы, найза сөздерін сол историзмнен алып келдік емес пе. Ал біз қолда бар сөзді ескермейміз. Кеше «пісте» дегенді жазып едік, бір-еі ауыз сөз болды да қойды. Тілімізді дұрыс сөзбен кестелеу үшін жаға жыртысып жатушы еді…

Дурәлі Дүйсебай

Фейсбуктегі парақшасынан

 

Көрілген: 234    Пікірлер: 0