«Біз әскерге барған жылы да сарбаз өлімі болды» — Премьер-министрдің орынбасары

0

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстанда мерзімді әскери қызметтен бас тарту дұрыс емес екенін айтты, деп хабарлайды Kznews.kz жаңалықтар порталы Orda.kz сайтына сілеме жасап.

Үкімет отырысынан кейін журналистер вице-премьерден тек келісімшарт бойынша қызметті қалдырып, мерзімді қызметкерлерді әскерге шақырудан бас тарту мүмкіндігі туралы сұрады.

– Менің ойымша, мерзімді қызметтен бас тарту дұрыс емес. Жастар әскери қызметтен өтуге тиіс. Барлық мүдделі мемлекеттік органдар, бірінші кезекте Қорғаныс министрлігі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті, – деп жауап берді Тоғжанов.

Премьер-министрдің орынбасары өзінің Отардағы 25171 әскери бөлімінде қызмет еткенін атап өтті.

– Әр түрлі жағдайлар болды, сарбаздардың өлімі де болды. Ол кезде әскери қызмет жалпыға бірдей міндетті болды. Бүгінде мұндай міндеттеме жоқ. Қазір жыл сайын 35 мың баланы әскери қызметке жібереміз, – деп жауап берді Тоғжанов.