Біз жалғыз қалдық, бәрі қорқады…

0

The New York Times газетінің хабарлауынша, АҚШ Германияға жауынгерлік машықтағы 7 мың әскерін  жібереді, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский мемлекетін  қорғауда Украина жалғыз қалғанын мәлімдеген болатын.

— Біз өз мемлекетімізді қорғауда жалғыз қалдық. Бізбен бір сапта күресуге кім дайын? Шынымды айтсам, мен қолдау көріп тұрған жоқпын (…). Барлығы қорқады, – деді Зеленский Украинаға «тек сөзбен ғана» көмектесіп жатқан әрбір мемлекетке алғысын білдіре отырып.

Пентагон өкілі Джон Ф.Кирбидің айтуынша, әскер жіберудегі мақсат НАТО одақтастарының көңіліне демеу болу.

АҚШ шенеуніктері Ресей НАТО аумағына басып кіретін болса, АҚШ әрекет етуден тартынбайтынын жеткізді. Осындай  мәлімдеме  Байден бейсенбі күні Еуропаға қосымша әскер жіберу жоспарын жариялағаннан кейін көп ұзамай шықты.

Кеше НАТО отырысында бас хатшы Йенс Столтенберг Украина қауіпсіздігіне кепілдік бере алмайтындарын мойындады.