Біз тәуелсіздік мерекесінен біртүрлі қорқамыз ба?

0

Кіре берісте тұрған үлкен сағат қисайып қалса, күнде кіріп-шығып жүргендер оны қанша көрсе де түзетпейді, қисайған сағатқа  қарауға көздері үйреніп қалған, оған еш мән бермейді, міне, бұл «корпоративтік соқырлық» деп аталады. Біздің қоғамда осындай корпоративтік соқырлықтар жетеді. Тәуелсіздік мерекесі таяп келеді,  бүкіл ел тәуелсіздікті емес, жаң жылды тойлауға дайындалып жатыр, көшелер әлде қашан сол аталмыш мерекелеріне құттықтау плакаттарын іліп тастаған.

“Жаңа жылды қалай қарсы аламыз, қытайдың Шаған мерекесіне тас түйін дайындала беріңдер” -, деп бастады бөлім меңгерушісі алғашқы сөзін, ортасында бір орыс не бір қытайы жоқ қол астындағы өңкей қазаққа. Олар да қуана мақұлдық танытты.

Қазаққа, Қазақстанға тәуелсіздіктен артық мереке бар ма? Біз тәуелсіздік мерекесінен біртүрлі қорқамыз ба?  Иә, ол бір қаралы күн. Бірақ тарихқа қарасақ, кез-келген жеңіс құрбансыз қолға келген емес. Тәуелсіздік мерекесі деп мемлекет бекітті, демек мерекені мереке ретінде тойлауымыз қажет емес пе? Тәуелсіздік болмаса, басқаның бәрі бекер.

Қaрaшaның соңғы күндері. Бүкіл республикa жұрты бірдеңеден секем aлa aбыр-сaбыр күй кешеді. Артыншa желтоқсaнның желі гулеп, жер бетін ертелі-кеш тұмaн тұмшaлaп, аспан көрінбей тұрады. Жер беті әманда күңгірт түске еніп, елдің қабағы түйіліп жүреді, түнімен aдaмдaр тұңғиық ойғa бaтып, өткенді өкіне де, сaғынa дa еске aлaды. Бұл жерге қонa aлмaй көкте қaлықтaй ұшқaн «желтоқсaншыл» бaтыр жaстaрдың рухы деп топшылaйды былaйғы жұрт. Ал aтқaмінерлер екі aдaмның бaсы қосылып, үшінші aдaм сол алаңға қaрaй aяңдaсa болды, күдікпен қaрaйды. Бұл не? Бұл корпоративтік соқырлық. Елбасының айтқан мәңгілік елі қайда, рухани жаңғыруы қайда, ұлы даланың жеті қыры қайда, біз қайда? Кез-келген мерекенің шығу тегіне, келу қайнарына бір сәт үңілу деген бізде жоқ.

Корпоративтік соқырлықтарды санап көрсек: «Раймбек» деп көше аты жазулы тұрса да, қоғамдық көліктегі дипломсыз қалаға келген ақша алғыш қара бала «Тәшкентски» деп орысша айтып, ауылдан жаңа келгенін жасырады. Өз елімізде өз тілімізде сөйлемей өзгенің тілінде шүлдірлеп, солай мәдениетті адам болып көрінеміз.

Ақжағалылар мен құқық қорғаушы органның қызметкерлері қазаққа қоқиланып, басқаларға басын иіп кішпейіл бола қалады.

Мектеп оқулықтарын (еш өзгермейтін пәндерді де) жылда қайта жаза береміз, балалардың тапсырмасын ата-анасы зорға орындайды.

Темекінің сыртында сұмдық-сұмдық суреттер тұрғанына қарамастан темекі шегетін адамдар көп.

Бала-шағамызбен ұятсыз ғаламтормен теле жәшікті бірге ақтарып отыра береміз. Балаларымызбен бірге моншаға барып, тайраңдап жүре береміз, қайтып келгесін өзімізше ұрысамыз, ақыл айтамыз.

Өзіндегі қазақты қысып, шырқыратып жатқанына қарамастан, біз күнде олармен ауыз жаласып достасып жатырмыз. Тым болмағанда, салқындық танытқанымыз да жоқ.

Жұмысқа көлігімізбен келіп, жұмысқа тиесілі авто тұраққа ақша төлейміз.

Жоғары оқу орындарында түскі астың  уақыты жоқ, бәрінің асқазаны ауырады.

Жоғары оқу орнында кілең қыз оқиды, ұлдар базарда арба сүйрейді.

Білімі жоқ болса да, дипломы болса мықты маман есептеледі.

Екі сөздің басын құрап айта алмайтын, бір ауыз сөзді түсінбейтін, бас десең құлақ дейтін жастар да, жасамыстар да көбейді.

Жалаңаш жүрген қызға қызыға қарап, көйлек киген қызды ханталапайға саламыз.

Біреудің некелі жарына, басқа әйел затына қол тигізудің өзі күнәнің жолы екенін біле тұра, бетінен шөпілдете сүйіп амандасамыз,  күйеуі жанында күліп қарап тұрады. Жазушы мен ақындар қызға қырындауды ерлікке парапар етіп жырлайды.

Африкада аштықтан бұратылып өліп бара жатқан баланың жемтігін жеуге дайындалып, тұмсығын жанып отырған тазқара мен қара баланы фотоға түсірген ақ тәнді фото суретшіге әлемдік бас жүлдені берген әділ қазылар алқасы сияқты адамдар бізде көп бүгінде.  Жүлдегер үйіне барып  «баланы неге құтқармадым, фотоға түсіргенше»-, деп түнімен дөңбекшіп, ары шыдамай таң ата жан тапсырыпты.

Корпоративтік соқырлықты тізе берсек, тауыса алмаймыз.

Шерхандай ел ағасын аю тырнақты сауатсыз тілші қыз жанды жерін осқылай аяусыз тырнап, егілте жылатады.

Корпоративтік соқырлықты тізе берсек, тауыса алмаймыз.

Нұрхалық Абдырақын

«Қамшы» сілтейді