Біз тәуекелге барамыз, басқа жол жоқ: Тоқаев кәсіпорындардың жұмысын қайта бастауға мүмкіндік берді – Қазақстан жаңалықтары

1
72

Тоқаев елдегі төтенгше жағдайға қатысты пікір білдірді. Елдегі кәсіпорындардың жұмысын қайта жандандыру керектігін айтты. Бұл туралы бүгін президенттің төрағалығымен өткен төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында айтылды.

Тоқаев

«Үкімет әкімдермен келісе отырып, ең алдымен елдің екі ірі қалаларында шағын және орта бизнесті тоқыраудан аман алып шығуы, нақты жұмыстарды жүргізу керек. Тиісті ұсыныстар жасалды. Оларды ескеру керек. Ия, өмірді жандандыру қажет. Бірақ біздің алдымызда екі міндет тұр – азаматтарымыздың денсаулығы үшін карантинді сақтау, сонымен қатар кәсіпорындарды жұмыс режиміне қайтару.

Әкімдіктер қатаң санитарлық-эпидемиологиялық режимді және жұмыс орындарындағы әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ете алатын кәсіпорындардың тізімдерін дайындауы керек.

Мұндай жұмыс орындарын тексеруді өңірлердің дағдарысқа қарсы штабы қамтамасыз етеді.

Штаб кәсіпорындардың жұмыс режимін, жұмысшыларды жұмыс орындарына жеткізу тәртібін және басқа да ұйымдастырушылық-техникалық мәселелерді анықтайды.

Осының негізінде мемлекеттік комиссия тиісті кәсіпорындардың қызметін жандандыру туралы шешім қабылдауға мүмкіндік алады.

Мұндай жағдайда облыстар мен бағынышты қалалар басшыларының жауапкершілігі бірнеше есе артады. Себебі біз ашық айтуымыз керек: біз тәуекелге барып отырмыз. Бірақ басқа амал жоқ. Студенттер, мектеп оқушылары, балабақшаларды қашықтықтан оқытуға қатысты талап сол күйі өз күшінде қалады. Қоғамдық орындарда дезинфекция жүргізілуі керек. Бірақ біз кәсіпорындарды жұмыс режиміне бағыттаймыз.

stan.kz