Біз сүйіскен еркектерді көріп өскен ұрпақпыз — Құдияр Біләл
Біз сүйіскен еркектерді көріп өскен ұрпақпыз, ол теледидардан көрсетілетін, дейді Құдияр Біләл ерлердің сүйісуіне қатысты.
«Сүйісудің мәні
Біз сүйіскен еркектерді көріп өскен ұрпақпыз. Алайда, ол жоғарғы деңгейдегі сүйісу болатын. Әбес ештеңесі жоқ. Екі адам сүйіссе, өзгелер қол соғып тұратын. Ол сүйісу — теледидардан көрсетілетін. Себебі, ол КСРО тізгінін ұстаған партия жетекшілерінің өзге ел басшыларымен кездесу кезінде жүзеге асатын достық рәуіштағы сүйісу болатын. Әуелгіде кезек-кезек үш рет сүйісетін. Кейінірек сүйісу уақыты шамалы созылыңқырайтын болды. Алайда Брежнев жарықтық ұзақ сүйісуді қалыпты үрдіске айналдырды. Өзі де әдемі сүйісетін. Адам талғамайтын. Брежневпен сүйіскен Африка елінің бір көсемі еркек атаулы сілекейінен ләззат алғаны соншалық, кейін адам етін жеуге әуестеніп кеткен көрінеді. Әуелі ұзақ сүйісіп, жейтін тағам дәмін сезінеді екен. Сосын…
Жә, ол бұрынғы жәйт. Алайда ол сүйісудің мемлекеттік деңгейде жүзеге асырылғанын жоққа шығара алмайсың. Шынтуайтына келгенде, бүгінгі сүйісулер де сол деңгейде жүзеге асуда. Соған қарағанда барлығы түбі бір саясат сияқты.
Өзімізге келейік. Лифтіге. Көре алмадым. Жүрегім көтеріліп кетті. Брежнев есіме түсті. Обалы не керек, жарықтық сүйісуді қатыратын. Біздің биліктегілер де ешкімнен кем түспейтін тәрізді. Алайда бұрынғылар сол сүйісумен шектелетін. Бүгінгілер…
Бұл мәселеге жеңіл-желпі қарауға болмайды. Әлгі екеуін су бетіне шығарайық. Өзгелерді де!», деп жазды.
«Халық азып барады», «Барлығы мектеп,бала бақшадан басталып жатыр «, «ЛГБТ деген бәлені түп тамырымен құрту жою керек азғын, хайуан. Ақыр заман белгісі! Неге сонша қоғам да. мемлекет те дәрменсіз тіпті жариялап талқылауға жатпайтын нәрсе», — деп жазды оқырмандар.