Біз шын жүректен қазақ ұлтын сүйеміз: Орыс қызы жаңа флешмоб бастады
Орыс қызы Қазақстанда тұратын өз ұлтының өкілдеріне арнап, «Қазақстан менің жерұйығым» атты флешмобты бастады, деп хабарлайды kznews.kz Ақпараттық агенттігі Экспресс К. сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы журналист өзінің Facebook парақшасында жазды. Ол өз сөзінде ақпараттық соғыс арқылы Қазақстандағы бейбіт өмірді бұзғысы келетіндерге төтеп беру керектігін атап өткен.
«Қазақстандағы орыс ұлтының өкілдері! Ақпараттық соғыс арқылы көпұлтты Қазақстандағы бейбіт өмірдің бұзылуына жол бермейміз. Жерұйығымызды ешқашан сатпаймыз! Қазақстандағы орыстарды әлдекімдер неден құтқармақ? Аста-төк дастархан мен балаларды шақалақ кезінен баққан әжелердің ыстық құшағынан ба? Ұлы қазақ халқының өлшеусіз мейірімділігі мен даналығынан ба? Біз қазақ тілін үйренуге дайынбыз және үйреніп те жатырмыз. Өйткені шын жүрекпен, жан дүниемізбен қазақ ұлтын жақсы көреміз. Жаңа мектептердің есіктерін айқара ашып жатқанына қуаныштымыз және олардың қазақ тілді екені біз үшін проблема емес! Бастысы, Ы.Алтынсарин айтпақшы, «Кел, балалар, оқылық!» Біз балаларымыз бейбітшілікте білім алғанын қалаймыз. «Қазақстан менің Жерұйығым» атты флешмобын бастаймын», — деп жазды журналист.
Автордың бұл флешмобын көптеген қазақстандық қолдап жатыр. Қазірдің өзінде бұл жазбаны 2 мың адам бөлісіп, тағы 2 мың желі қолданушысы лүпіл қалдырған. 500-ге жуық адам пікір қалдырған.