“Біз сені күтудеміз” — Мейрамбек Беспаев тағы да әке атанады

0

Танымал әнші Мейрамбек Беспаев жақында тағы бір мәрте әке атанбақ. Қуанышты жаңалықты әншінің әйелі әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. 

«Әйел үшін қуанышқа толы ең бақытты кездердің бірі — ол 9 ай құрсағында сәбиін көтеріп жүру болса керек. Аллаға шүкір, осы әдемі кезеңді мен де міне, үшінші рет басымнан кешудемін! Араға 9 жыл салып көрген қуанышымды сіздермен бөліскім келіп отыр. Біз сені қатты күтудеміз, сәбиім! Сәби күтіп жүрген әр әйелге жұғысты болсын», — деп жазды әншінің әйелі Мархабат Беспаева.