«Біз қылмыскер емеспіз». Аналар әкімдік қысым жасағанын айтады

Нұр-Сұлтан қаласында баспана мәселесін айтып, наразылыққа шыққан әйелдер «соңғы кезде билік өкілдері қысым жасап жатыр» дейді. Әйелдердің сөзінше, полиция мен әкімдік өкілдері кеше кешке үй-үйді аралап, наразылыққа шыққандарға айыппұл салынатыны, қамалатыны айтылған. Әкімдік аналардың сөзін жоққа шығарады.