«Біз қуатты автомобиль державасы болуымыз керек» — Бектенов

0

Премьер-министр Олжас Бектенов Алматының индустриялық аймағына барды. Кездесу барысында автомобиль кәсіпорнын кеңейту және жаңғырту жоспарларымен танысты.

«Қазақстандық автоөнеркәсіпте қаншама қарсыластары мен сыншылары болғанымен, бүгін де өнеркәсіп ретінде қалыптасты. Ол одан әрі дамып келе жатыр. Біз үкімет ретінде автоөнеркәсібімізді әрқашан қолдаймыз. Бизнестің өзі дамуға, локализацияны арттыруға ұмтылады. Біз қуатты автомобиль державасы болуымыз керек», — деді Олжас Бектенов.