“Біз не боп барамыз?” — ҚР Қорғаныс министрі генералдарды әскердегі оқиғалар үшін сөгіп тастады

0

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов аттестаттау комиссиясының отырысын өткізіп, генералдарды жеке құраммен жұмыс істемегені үшін сөгіп тастады, — деп хабарлайды Kznews.kz.

Отырыста министр өзінің қарамағындағыларды жарғылық емес қатынастар фактілеріне жол бергені үшін сынға алды.

«Біз не боп барамыз? Жоғарғы шенді ала отырып, еркінсіп кеттіңіздер ме? Болды өз қалағандарыңызға жеттіңіздер ме? Бізден қоғам нені талап етеді? Ең бірінші жас балалардың өмірі», — деді Жақсылықов.

Министр командирлер өздеріне сеніп тапсырылған сарбаздарға қамқорлық жасауға, олардың қызметі мен кәсіби өсуіне жағдай жасауға міндетті екенін атап өтті.

Қорғаныс министрлігінің басшысы Әуе қорғанышы күштері бас қолбасшысының орынбасары Талғат Сыздықовқа ескерту жасады. Бұл ретте Жақсылықов Нұртас Қабақовты Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босату туралы өтініш білдіруді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

«Сізге жеке тұлға ретінде шағымдар жоқ, сізге лауазымды тұлға ретінде шағымдар жоқ. Мен сізді қызметінен босату туралы Жоғарғы Бас Қолбасшыға өтініш беруге мәжбүрмін. Кешіріңіз, Мен сізге үнемі ескерту жасап қана қояды деп ойладыңыз ба?»- деп ашуланды министр.

Министрлікте отырыс әскердегі оқиғаларға байланысты өткізілді.

Фото: фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметі