Біз Мейрамбектің қоңырауын күтіп отырмыз

0
1

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

40 0 0

Таяуда Қазақстан орындаушылар одағының басқарма төрағасы болған Мейрамбек Беспаев депутат Зағипа Балиева жұмысыма кедергі келтіріп, қысып көрсетіп жатыр деп мәлімдеген еді

НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. Мәжіліс депутаты Зағипа Балиева танымал әнші Мейрамбек Беспаевтың мәлімдемесін талқылауға дайын екенін жеткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Дәл қазір мен Мейрамбектің қоңырау шалғанын күтіп отырмын. Мына жерде он адам болып жиналып отырмыз. Мен әлеуметтік желіге өз телефонымды салып, маған қоңырау шалуын сұрадым. Енді, бәріміз Мейрамбектің қоңырауын күтіп отырмыз. Оның қандай арыз-талабы бар екенін білгіміз келеді», – деді Балиева.

Ал Sputnik Қазақстан тілшісінің «Мейрамбек өз арыз-талабын әлеуметтік желіге жазған жоқ па?» деген сұрағына: «Ол менен сұрау керек қой. Оған өзім жауап бергім келіп отыр», – деп қысқа қайырды.

Айта кетейік, танымал әнші Мейрамбек Бесбаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәжіліс депутаты Зағипа Балиева жұмысына кедергі келтіріп, қысып көрсетіп жатқанын жазды.  

Мейрамбек Бесбаев депутат Балиевадан қысым көріп жатқанын мәлімдеді

Бұған дейін әншілер бірауыздан дауыс беріп, Мейрамбек Бесбаевты Қазақстан орындаушылар одағының басқарма төрағасы етіп сайлаған болатын.

«Енді келіп, бұрынғы басшылық жаңа басшылыққа қарсы қоқаң-лоққы көрсетіп, әртүрлі жағымсыз әрекеттер арқылы қарсылық көрсетуде. Бұрынғы басшылықтың артында сіздің ұлыңыз және өзіңіз тұр екенсіз. Сіз заңды түрде сайланған маған, басқарма мүшелеріне қысым көрсетіп, әртүрлі мемлекеттік және құқық қорғау органдарына телефон шалып жатыр екенсіз. Мұныңыз мүлде дұрыс емес деп білеміз!», – деді Мейрамбек Бесбаев.

 



sputniknews.kz

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз