«Мы банда, мы братва!»: Хит болған сөзді қайталамақ болған актерлардың басы бәлеге қалды

0

Әлеуметтік желіде полицей формасын киген адамдардың біз «бандамыз» деген видеосы тарап кетті. ІІМ аталмыш роликті зерттеп, оған қатысты пікір білдірді деп хабарлайды ведомстваның ресми өкілі Алмас Сәдуабаевқа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Видеода екі полицей формасындағы азамат көлік ішіндегі әңгімелерін видеоға түсірген.

«Біз бауырмыз! Біз бандамыз! Антибиотик дұрыс айтады», — дейді видеода бір азамат.

Ведомство бұл ролик екенін, орынсыз қалжыңдағы видеоны актер Айдос Жұқанұлы түсіргенін анықтады. Сәдуабаевтың айтуынша, кадрлар Алматы облысындағы фильм түсірілімі кезінде жасалған.

«Осылайша өзінің достарымен әзілдеспек болып,» хит» болған құттықтауды жіберген. Олардың тіпті, полция қызметкерлерінің беделін түсіру мақсаты болмаған», — дейді полициядан.

Сондай-ақ Сәдубаев актердің орынсыз қалжыңы үшін кешірім сұрағанын да айтты.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы әлеуметтік желіде өзінің қол астындағыларын ерекше құттықтаған полция қызметкерінің видеосы тарап, желі шу тудырған болатын.

Осы ісінен кейін «өз бандасын» құттықтаған қарағандылық шенді азамат жұмыстан қуылды.