«Біз ауада қалған маман иесіміз»: Дәрігерлер жалақыларын көтеруді сұрайды

0
70

«Біз Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі  Қызылорда облысының Денсаулық сақтау басқармасына қарасты денсаулық саласында «логопед» қызметін атқаратын мамандармыз, біздің жоғары біліміміз бола тұра еңбек ақымыз өте төмен.

Логопед мамандары қосымша(прочее) мамандар тізімінде тұрғандықтан, еңбекақы бізге педагог ретінде де немесе медициналық қызметкері есебінде де төленбейді және стажымыз есептелмейді, яғни біз ауада қалған маман иесіміз.

Негізінде Логопед мамандары Педагог қызметкерлеріне теңестірілгендіктен, Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізіліміне сәйкес В2 буыны бойынша есептелінеді.Алайда бізге төменгі В3 буыны бойынша төленіп келеді.

Құрметтті Ғиният Ажар ханым, бізді Денсаулық саласы маманы ретінде есепке алмаса, неге бізді Білім және ғылым министрлігіне қарасты қылмайды, білім мекемелеріндегі логопед мамандарымен бірдей еңбек етпесек, кем жұмыс жасап жатқан жоқпыз. Диплом бірдей, жалақы тең емес.

Мысал келтірсек білім мекемелеріндегі қызмет ететін дәрігерлерге, медсестраларға  «педагог емессіңдер» деп шеттетіп, жалақыларын көтермей жатқанды естімеппіз, оларға медициналық мекемедегідей жалақылар өсіріп жатыр, сол сияқты бізге де педагог ретінде жалақымыз дұрыс төленсе.

Денсаулық саласындағы логопедтер диагноз қоямыз, манипуляцияны да өзіміз жасаймыз,  тек балалар емес бас ми қан айналымы бұзылысы бар (инсульт алған) ересектергеде, реанимация бөлімшелерінде, жасөспірімдергеде, әр түрлі дәрежедегі тіл кемістіктері, психикалық тежеулік, Дцп, Аутизм , Дауна, ринолалия т.б. түрлі логопедиялық диагноздармен келетін балаларға көмек көрсетудеміз.

Тағы тоқталатын жайт жоғарыда аталған ауыр диагноздары бар науқастармен жұмыс жасағанымыз үшін қосымша ақы(за вредность) төленбейді. Басты кедергі денсаулық сақтау мекемелері Шаруашылық Жүргізу Құқығында болғандықтан. Ал білім мекемелерінде за вредность төленеді.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап дәрігерлердің жалақысы 30%-ға, сондай-ақ, білім беру ұйымдары педагогтарының  жалақысы 25%-ға өсті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігне қарасты денсаулық сақтау саласында жұмыс жасайтын логопедтердің жалақысы өспеді. Еңбекақы жөнінде Денсаулық сақтау министрлігіне хат  жолдағанымызбен мардымды жауап алмадық.

«Міндетті Әлеуметтік Медициналық Сақтандыру» жүйесі бойыншада жұмыс жасаудамын. Яғни, «МӘМС»жүйесі арқылы мекеме қазынасына қаржы түсірудеміз. Нақтылай келе бір ғана өтініш еңбекақы бізге педагог ретінде де немесе медициналық қызметкері есебінде төленсе.

P.S. Жалақыларды 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,23 мөлшерде арттырдық деп жауап беретіндеріңізді білеміз, ал 1,23 қанша мөлшерде екенін есептеп көрсету артық шығар.

Бас дәрігерлерді кінәлаудың қажеті жоқ, жоғарыда айтылғандарды Министрліктен бұйрық келмегеннен ештене өзгерте алмайды», — дейді олар.

Жалақысына көңілі толмайтын дәрігерлер:

Тукешова Акнур

Ермаханова Гаухар

Берекетова Жадырасын

Баймаганбетова Елена

Баукенов Айбек

Нұрыллаева Мөлдір

Сулейменова Алтынай

Калмаханов Жандос

КошымбековаАйгерим

Жорабек Ақжаркын

Дузбаева Айгерим