Биылғы жылдың пітір-садақа сомасы белгілі болды

Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы рамазан айында пітір-садақ сомасын белгіледі. Бұл туралы Facebook парақшасында ҚМДБ баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы мәлімдеді.
«Пітір-садақ сомасы ел бойынша екі килограмм ұнның орташа бағасымен есептеледі. Ұн бағасы ҚМДБ қалалық және аудандық бөлімшелері берген ақпарат негізінде анықталды», — деп атап өтті Қазақстанның Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.
Пітір-садақаны мейіз бағасымен де, құрма бағасымен де беруге болады.
фото: ашық ақпарат көздерінен