Домой Жаңалықтар Биыл Жаңа жылда неліктен қоян сыйлауға болмайды?

Биыл Жаңа жылда неліктен қоян сыйлауға болмайды?

0
1921
2023 жыл көк немесе қара су қояны жылы болады. Сонымен қатар қоян — молшылықтың, бақыттың символы. Осыған байланысты көбі бұл жануарды сыйлық ретінде таңдайды. Дегенмен үй жануарлары дүкенінің иелері мен жануарларды қорғайтында сыйлыққа мұқият болуды сұрап отыр.
Мысалы, 2011 жылдың қарсаңында үй жануарлары дүкендерінен қоян сатып алғысы келетіндердің қатары көп болған. Сол кезде біразы тірі қоянды сатып алып, жақындарына сыйлаған. Алайда көбі жануарға қарауға дайын болмай, қоянды көшеге тастап кеткен. Оның арасында жанашырлары сыйлықты үй жануарлары дүкендеріне қайтаруға тырысты.
Inalmaty.kz басылымының жазуынша, сатушылар биыл жаңа жыл қарсаңында Алматыдағы үй жануарлары дүкендерінде бум болмайды деп болжап отыр. Сатушылар бұған себеп халықтың артық ақшасы болмауы деп есептейді.
Көбіне қоян фотосессиялар үшін жалға беріледі. Сонымен бірге сатушылар қоян жалпы көп сатылмайтынын айтып отыр. Қоянның дүкендегі бағасы — 4000-10000 теңге аралығында.
20 жылдық тәжірибесі бар сатушы Александра Иванова қоян ойыншық, жыл символы емес, ол назар аударуды, қамқорлық пен жанашырлықты қажет ететін жануар екенін түсіндірді.
«Қоянды жылдың символы деп санағандықтан ғана немесе онымен түскен фото көп лайк жинайды деп қана сатып алудың қажеті жоқ. Сәндік қояндар 10 жылға дейін өмір сүреді. Оны сатып алған соң оған қарай аласыз ба? Тамақтандырып, жуындырасыз ба? Оған қоса тек жануарды тамақтандыру және оның торын тазалау жеткіліксіз. Қоянға назар аударып, жылуыңызды бере аласыз ба? Егер сұрақтарға жауабыңыз «жоқ» болса, ойыншық қоян сатып алыңыз!», – Александра Иванова