Биыл «СарыарқаАвтоПром» зауыты 250 жасты жұмысқа алады

0

Биыл «СарыарқаАвтопПром» зауыты 20 000 машинаны сапқа қоятын болады. Бұл өткен жылға қарағанда 1,6 есе көп деген сөз. Сондықтан зауытқа білікті мамандар мен жұмысшылар керек-ақ. Инвестор жастарды бағыттау үшін жергілікті жоғары, орта оқу орындарының басшыларымен, тіпті мектеп директорларымен кездесуге дайын екенін білдірді.

«Өткен жылы Қытайдың автомобиль импорты және экспорты жөніндегі ірі трансұлттық компаниясы СМС (China National Machinery IMP. & EXP. CORP) біздің акционеріміз болған. Біздің алдымызға өндірістік жоспар қойды, біз енді жыл тәулігінде 250 маман алуымыз қажет» дейді «СаырарқаАвтопПром» ЖШС директорының техникалық даму жөніндегі орынбасары Сергей Могилатов.

Зауытта өткен машина жасау ісіне кәсіби бағыттау форумы өндірісті жұмысшы күшімен және мамандармен қамтамасыз ету ісін талқылады.

«Жастар заманауи өндірісте жұмыс істегісі келеді. Алайда қазір жастардың барлығы бірдей Қостанайда осындай кәсіпорыннан көңіліндегінің бәрін табуына болатынын түсіне бермейді. Біз өзіміздегі тамаша кәсіпорында жастардың жұмыс істеуіне, болашақта лауазымға өсуіне де мүмкіндік бар екенін жеткізуіміз қажет» дейді Қостанай облыстық Кәсіподақтар орталығының төрайымы Екатерина Смышляева.

Өндіріс кәсіпорны қазір облыстағы жетекші оқу орындарымен студенттерді машина жасау ісіне машықтандыру үшін дуальді оқыту жөнінде тығыз жұмыс істеп келеді. Алдағы уақытта зауыт өңірдегі барлық оқу орындарымен байланыс орнатуды жоспарлап отыр.

Нәзира Жәрімбет,

Egemen Qazaqstan,

Қостанай

Дереккөз: http://egemen.kz/