Биыл Қазақстанда су тасқыны болмайды – ресми ақпарат

0

Бұны су ресурстары және ирригаци вице-министрі Болат Бекнияз айтты

Биыл Қазақстанда былтырғыдай алапат су тасқыны болмайды. Бұл туралы бүгін Мәжіліс кулуарында Azattyq Rýhy тілшісінің сұрағына жауап бере отырып су ресурстары және ирригаци вице-министрі Болат Бекнияз мәлім етті.

Оның айтуынша, Батыс Қазақстан мен Қостанай облыстарында су тасқынының ең қауіпті кезеңі тоқтаған. Қазір Солтүстік Қазақстан облысы мен Шығыс Қазақстан облысы бақылауда тұр.

«БҚО мен Қостанай облыстарында су тасқынының шарықтау шегі өтті. Қазір біз Солтүтік Қазақстан облысы мен Шығыс Қазақстан облыстарын бақылап, су қоймаларын суға толтырып жатырмыз. Биыл су аз болды. Былтырғы жағдай қайталанбайды», — деп мәлім етті ол.

Ол былтыр көп жердерде мұз қатып, еріген қар суы жерге сіңе алмай қалған болуы мүмкін. Яғни, вице-министр айтқандай, былтыр топырақ дайындалмағандықтан, сулар жер астына кетпеген.

«Биыл еріген қар суы жер астына кетті. Қауіпті жағдай жоқ. Осы аптаның соңында тағы да гидрологиялық мәліметтерді тексеріп, салыстырамыз», — деді ол.