Биыл Қазақстанда алты студенттік жатақхана салынды
Астана. ҚазАқпарат-ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі студенттерді жатақханалардағы орындармен қамтамасыз ету шаралары туралы хабарлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Республиканың 104 жоғары оқу орнындағы жатақханалар саны 309 бірлікті құрайды. Төсек-орын саны – 101 522. 6 қыркүйектегі жағдай бойынша ЖОО жатақханаларына 87 мыңнан астам адам қоныстанды», — деп хабарлады ведомстводан «ҚазАқпарат»ХАА сұрауына жауап ретінде.
Ұсынылған ақпаратта айтылғандай, студент жастардың өмір сүру жағдайларын жақсарту үшін 2018 жылдан бастап жаңа жатақханалар салу жұмыстары жүргізілуде.
Осы бастаманы іске асыру басталғаннан бері жоғары оқу орындарында 20 761 төсек-орынға арналған 93 объект, оның ішінде 2022 жылы 1470 төсек-орынға арналған алты объект пайдалануға берілді.