Биыл қасиетті Рамазан айы 6 мамырда

Күллі мұсылман қауымы асыға күтетін Рамазан айы биыл 6 мамыр яғни дүйсенбі күні басталады деп хабарлайды Хабар24.
Басылымының мәліметінше, мың айдан да қадірлі қасиетті Қадір түні 31 мамырдан 1 маусымға ауған түн — жұмаға сәйкес келіп отыр.
4 маусым күні Ораза айт мейрамы басталмақ.
Ал Құрбан айт мерекесі 11-13 тамыз күндеріне түсіп тұр.
Арапа 10 тамызға белгіленген.
Сонымен қатар барша мұсылмандар 9 қыркүйек — Ашура күнін, 8-9 қарашада Мәуліт түні мерекесін атап өтеді.