Биыл Павлодар облысында салмағы 480 грамдық сәби дүниеге келген

0
19 Қараша 2018, 20:33 233 0

Фото: pavlodarnews.kz

Астана, BAQ.KZ. Облыстық перинаталдық орталық осымен үшінші жыл қатарынан мерзімінен ерте туған балаларға арналған мереке ұйымдастыруда. бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.

Шараға салмағы төмен 60 сәби шақырылды.

«Мұндай мерекені Халықаралық шала туылған балалар күніне орай өткіздік. Бұл жерде ата-аналар бір-бірімен таныса алады. Бұдан бөлек, балаларға сыйлық ұсынамыз, концерттік бағдарлама өткіземіз», — дейді облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігері Айман Оспанова.

Қонақтар өткен айда ашылған катамнез кабинетін тамашалады. Енді бұл сәбилер белгілі бір саланың мамандары — неонатолог, невролог, педиатр, хирург, офтальмолог және нейрохирургке көріне алады.

Бас дәрігердің айтуынша, биыл ең төмен салмақпен туған бала 480 грамм ғана тартқан. Дәрігерлердің күтімінен кейін бала үйіне шығарылған.

«2008 жылдан бастап 22 аптадан 500 граммен туылған балалар тірі болып есептеледі. Барлық дүниеге келетін сәбилердің ішінен алты пайызы мерзімінен бұрын туады. Мұндай балалар үш айға дейін стационарда болады», — дейді дейді Айман Оспанова.

Бас дәрігер баланың дүниеге келуін қаржы тұрғысынан да ертерек жоспарлау қажет екенін айтады. Уақытылы тізімге қою, тексеру, созылмалы жұқпалар ошағына тексерілу, барлық тағайындауларды орындау міндетті.

«Мерекеге келгендердің ішінде павлодарлықтар ғана емес, мерзімінен бұрын жеңілденген Өскеменнің тұрғыны да бар», — дейді бас дәрігер.

Облыстық перинаталдық орталықта салмағы 500-1000 грамм сәбилердің 58 пайызы аман қалады. Бұл өте жоғары көрсеткіш. Әлемде мерзімінен бұрын 15 миллиондай нәресете жарық дүние есігін ашады.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ