Биыл Нұртас Дәндібайұлының туғанына 120 жыл

0
Мемлекет және қоғам қайраткері Нұртас Дәндібайұлы Ондасыновқа Алматы төрінен ашылған ескерткіш бюстін қала жұртшылығы ыстық ықылас, үлкен құрметпен қабылдады. Бұл ел тарихындағы киелі құбылыс. Бар саналы өмірін Қазақстанның өсіп өркендеуіне айрықша үлес қосқан ұлы тұлға Нұртас Ондасыновқа деген Алланың сыйы.
Нұртас Дәндібайұлы Түркістан өңірінде туып өскен 1904 жылы. Ташкентте жетім балаларға арналған мектепке 1920 жылы №14 интернатқа оқуға қабылданады. Бұл мектепті зиялы жастардың күшімен Ғани Мұратбаев ұйымдастырған. Интернатта орыс тілінен тұңғыш сабақты Ғани аға берді. Жалынды жастар жетекшісі Ғани Мұратбаевтің тәрбиесін, қамқорлығын көп көрдім — деп еске алады қайран Нұртас аға.
Ташкенттегі Қазақ-орман техникумын Орта Азия су инженерлер институтынан білім алды. Қызыл дипломмен бітірген жас маман Қазақстанға оралды. Орман шаруашылығы министрлігінде, 1938 жылы Шығыс Қазақстан облыстық атқару комитетінің төрағасы (Шығыс Қазақстан, Семей, Павлодар облыстары бір болатын) сол жылдың шілде айында Қазақстан Компартиясы ОК бюросының мүшесіне өтіп, Қазақ ССР үкіметінің төрағасы (халық комиссарлар кеңесінің төрағасы) тағайындалды. Бұл жауапты қызметті 1951 жылғы қазан айына дейін атқарды. 3 жыл Мәскеуде жоғары партия мектебінде оқыды. 1954 жылы Қазақ ССР Жоғары Советі президиумының төрағасы қызметіне сайланды. Онаң кейін 7 жыл Гурьев облысының басшылығында обкомның бірінші хатшысы (Маңғыстау облысы мен бірге болатын) қызметтерін аброймен атқарды. 14 жыл үкіметті басқарған Нұртас Ондасынов мемлекеттік басқару ісіндегі үлкен мектепті қалыптастырды. Әсіресе Ұлы Отан соғысы кезінде Қазақстан өндірісін, ауыл шаруашылығын әлеуметтік саласында оң өзгерістер жасалды. Өнеркәсіп ошақтары, Теміртау кең металлургия комбинаты, Мойынты-Шу темір жолы, Маңғыстау өңірінде Бозашы, Қаламқас,Қаражамбас мұнай кеңіштерін менгеруге Одақтың министрлерімен тікелей келіссөз жүргізіп, пайдалануға беруге үсел қосты.
Нұртас Ондасынов Орталық Комитеттің бюро мүшесі ретінде ең алдымен мәдениет мәселелеріне жауап беретін. Қазақ Мемлекетік консерваториясы, Қазақ Мемлекеттік қыздар пединституты ашылды, Қазақ Опера және балет театры ғимратының құрылыс аяқталды. Алматыда Ғылым Академиясының қазіргі ғимараты салынды (бюджет есебінен емес). Бұл істен басы қасында Н. Ондасыновтың жүргенін көнекөз қариялар білсе керек. Әйгілі ғалым Қаныш Сатпаевты Жезқазғаннан алдырып, Академияның тұңғыш президенті етіп сайлатқан да осы Нұртас Ондасынов болатын. Өнер мен мәдениеттің, ғылым мен білімнің дамуына да елеулі үлес қосты. Ай сайын Ұзынағаштағы Жамбыл атаның шаңырағында болатын, батасын алатын. Даңғайыр жазушы Мұхтар Ауэзовпен ең жақын пікірлес отбасымен жақсы араласты. Біз бажамыз – деп әзілдейтін. Нұртас ағаның жан жары Валентина болса Мұхтар ағаның жан жарының есімі де Валентина еді. Бұлар көрші ауылдың қыздары болатын. Атақты мүсінші Алматыдағы Абай ескерткішінің авторы Хакімжан Наурызбаевты Қостанайдан алдырды, техникумға түсірді.
1958 жылы Гурьев облысы обкомның бюросына ұсыныс Маңғыстау ауданында мектеп бітіруші бір топ жастар комсолдық жолдамамен үндеу көтерді. Барлығыда қой шаруашылығын дамытуға, қой өсіруші бригадаларға бөлініп туған жерге қалуға бастама көтерген болатын. Бастаманы бюрода бектіту қажет. Обком бірінші хатшысы Нұртас Ондасов қабылдады, жеке жеке әнгімелесті – Қарақтарым ау, қой бағу, малшы болу қазақтың маңдайына жазылып қойған жоқ. 2 жыл қой баққан соң қыздар тұрмыс құрады, ұлдар мектепте оқыған білімдерінен айырылып қалады. Райдан қайтыңдар. Үлкен қалаларға Мәскеу, Ленинград, Ташкент, Алматыға оқуға барындар жолдаманы мен беремін. Сонда Маңғыстау ауданынан келген мектеп бітіруші шашы бұйыра, тойған қозыдай томпиған Әбіш Кекілбаев есімді бала жақсы сөйледі. Болашақта үлкен ғалым, көрнекті жазушы болады ғой деп топшыладым. Әбіш Кекілбаевқа Қазақ университетіне түсу арнайы жолдама бердім. Қамқорлығым зая кетпеді Әбіш үлкен қаламгер атанды. Бүл кездесуді Әбіш аға көп жерде айтып жүреді Нұртас Ондасыновтың адами қасиетін жоғары бағалады.
Үкімет басшысы болған жылдары Н. Ондасынов Риддер комбинатының директоры кең инженері Дінмұхамед Қонаевпен кездесіп оның ісіне лайықты баға берді. Кәсіпорын ол кезде оқ дәрі жасауға арналған болатын. Дінмұхамед Қонаевты өзіне үкіметтің орынбасары етіп тағайындады. Қазақ ССР министрлер кеңесінің төрағасының орынбасары қызметінде 9 жыл отырды 1942-1951 жылдары . Нұртас Ондасынов көп теген кадрларды тәрбиеледі. Гурьевте облыстың бірінші басшысы болғанда колхоз басшысы Сағидулла Құбашевты облыстық атқару комитетінің төрағалығына ұсынды. Ондасыновтың мектебінен өткен білікті басшы кейіннен Ақтөбе, Қызылорда облысы атқару комиттерінің төрағасы, Қазақ ССР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары (Б.Әшімовтың) Семей облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің екінші хатшысы қызметтерін аброймен атқарды. Бұл Нұртас Ондасыновтың шарапаты.
Шаруашылық басшысы болған Саламат Мұқашев облыстың бірінші басшысы, Қазақстан кәсіподақтарының басшысы, Қазақстан Жоғарғы кеңесі төралқасының төрағасы қызметіне дейін өсті.
Әрине, Нұртас Дәндібайұлының қолдауымен.
Сөйтіп үлкен жүректі алып тұлғаның Қазақстанның барлық саласының дамуына ерекше үлес қосқаның ел біледі. Өйткені Мәскеудегі Одақтың бірінші басшылары Сталин, Калинин, Молотов, Маленков, Ворошилов, Микоян, Брежнев, Косыгин және Одақтың барлық министрлері мен жақсы қарым қатынаста болды. Қазақстанның болашағы үшін сөзін өткізді. Үлкен беделеге, зор сенімге ие болды.
Эрмитаждағы тайқазанды Түркістанға қайта әкелуде Өзбекәлі Жәнібековтің еңбегі жоғары. Ал бұл іске Мәскеуде тұрған Н. Ондасыновтың араласқаның ерекше айтқымыз келеді.
Мен Қазақ телевизиясының арнаулы тілшісі ретінде 1982 жылы Мәскеуде өткен Қазақстанның Россияға қосылуын 250 жылдығы салтанатына қатынастым. Оны Д. Қонаев басқарып барды. Сол сапарымда Нұртас Ондасынов ағайдың үйіне барып сәлем бердім. Елдің жаңалықтарын, Түркістандағы игі істерді айттым. Жұбайы Валентина Васильевна апа қазақы дәстүрмен дастархан әзірледі. Ол жерде ірімшік, құрт, шұбаттан дәм таттық. Бізбен бірге үлкен ұлы Іскендірбек Нұртасұлы да болды. Нұртас аға маған бата берді, елге сәлем айтты. Кейіннен қайтыс болғаннан кейін онын мүрдесін аманаты бойынша туған жерге Түркістанға жерленді. Онда қазақтың Абылайхан бастаған хан, сұлтандардың мүрдесі жатыр. Сол жерден мәңгілік орын алды. Мәскеуден Н. Ондасыновтың денесін елге әкелуде қайраткерлер Сағидулла Құбашевтың, Өзбекәлі Жәнібековтің еңбектері өлшеусіз. Түркістанда Нұртас музейі бар Нұртас Ондасынов атында мектеп бар, көше бар және өзі туып өскен бұрынғы Аманкелді ауылы қазір Нұртас ауылы деп аталады. Әділет қашан да жеңеді, бірақ кешігіп жүреді. Тарих оны жоққа шығара алмайды. Биылғы 2024 жылы Нұртас Оңдасыновтың туғанына 120 жыл толуына орай, кең көлемді атап өтілуі тиіс. Тағыда Алматыда, Астанада, Түркістанда, Атырауда, Түркістанның төрінде үлкен еңселі ескерткіші бой көтерсе нұр үстіне нұр болар еді. Оңдасынов есімі мәңгі жасайды!
Ержан Үбайдаұлы Уәйіс.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,
журналист, дипломат.