Биыл мешіттерде құрбан айт намазы оқылмайды – Бас мүфти

0

Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлімдеді.

«Алла қаласа, биылғы Құрбан Айт мерекесі Ғұламалар кеңесінің бекітуімен 31 шілде, 1-2 тамыз күндеріне сәйкес келіп тұр. Алайда еліміздегі карантин мерзімі 2 тамызға дейін ұзартылғандықтан, республика бойынша мешіттер жабық болады. Осыған байланысты 31 шілде күні Құрбан айт намазы оқылмайды», – деді Бас Мүфти.

Бас мүфти діни басқарма ел мұсылмандарының өтінішін ескере отырып биыл алғаш рет Құрбан айт қарсаңында халықаралық тәжірибеге сүйеніп, қашықтан құрбан шалу жобасын қолға алғанын жеткізді. Осы мақсатта qurban2020.kz сайтын ашылды. Бүгіннен бастап 24 сағат бойы іске қосылады. 30 шілдеге дейін құрбандық шалуға онлайн тапсырыс қабылдайды. Кез келген азамат онлайн түрде құрбан шалуға тапсырыс бере алады.

Мүфтият онлайн құрбан шалуға арналған сайтты іске қосты

«Тағы бір ескеретін жағдай осы кезге дейін Құрбан шалған азаматтар құрбан етін үшке бөліп, бір бөлігіне ағайын-туыс, көрші қолаңға арнап айттық дастархан жаятын. Пандемия жағдайына байланысты, биылғы онлайн бойынша құрбандық шалынған кезде еттің үштен бірі шалған адамға берілмей, түгелдей әлеуметтік аз қамтылған жандарға, мұқтаж отбасыларға үлестірілетін болады», – деді ол.

Оның айтуынша, әр өңірде құрбан шалу орны ашылады.

«Әр облыста белгілі орындарға құрбан шалу орны ашылып, жергілікті әкімдік пен санитар-дәрігер мамандардың рұқсатымен, тәртіп сақшыларының қадағалауымен карантин талаптарын қатаң түрде сақтай отырып орындайды. Осы тұста әр облыстың діни ахуалына жауап беретін мекемелерді біздің облыстық өкілдіктермен бірге жұмыс жасауға шақырамын. Осы мақсатта Діни басқармада және облыстық мешіттер жанынан ақпарат беру орталықтары құрылды. Онлайн құрбандық шалуға қатысты мәлімет алғысы келген кез-келген азамат осы орталықтарға хабарласуына болады», – деді бас мүфти.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз