Kaspi bank коронавирус пандемиясына байланысты жыл сайынғы Kaspi жұмадан бас тартты, деп хабарлайды Telegram-канал Finance.kz.

«Өкінішке орай, біз биыл «Kaspi жұманы» өткізе алмадық. Қазіргі жағдайда мұндай ауқымды шараны ұйымдастырып, клиенттеріміздің денсаулығына қауіп төндіру өз тарапымыздан жауапсыздық болар еді. Жақында пандемия өтіп, келесі жылы біз бәрін ұйымдастырамыз деп үміттенеміз. Бұл – салтанатты және ең пайдалы жалпыұлттық сауда мерекесі», — деді Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзе.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы екі жылға арналған пайызсыз бөліп төлеу жоспарымен акция 15, 16 және 17 қарашада өткен болатын.