Биыл елордада екі жаңа көпір ашылады – видео

0

Жыл соңына дейін Нұра-Есіл арнасы арқылы Ұлы Дала даңғылында және Тәуелсіздік даңғылында жаңа көпір салу жоспарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Нұр-Сұлтанда 2020 жылы көліктер жүретін екі көпірдің құрылысы аяқталады.  

Елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлағандай, бұл қаладағы көлік кептелісін едәуір жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Қала әкімі Алтай Көлгінов Есіл өзені арқылы өтетін көпір құрылысымен танысты. Көпір құрылысы биыл аяқталады.

Оң және сол жағалауды қосатын көпір (Есіл өзені арқылы) Мәңгілік Ел даңғылы, Ж. Нәжімеденов, А. Байтұрсынов, Р. Қошқарбаев көшелеріндегі, Нова сити кешеніндегі, «Мыңжылдық» аллеясындағы шамадан тыс жүктемені азайтуға, жаңа «Нұрлы жол» вокзалының қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда жаңа саябақ ашылады 

Көпірлердің санын арттыруды ел басшылығы тапсырды. Биыл Нұра-Есіл арнасы арқылы Ұлы Дала даңғылындағы көпірдің құрылысы аяқталады. Сонымен бірге Есіл өзені арқылы Тәуелсіздік даңғылында жаңа көпір салу жоспарланып отыр.   



sputniknews.kz