Биыл Елорда күнін атап өтуге тыйым салынды

0

Нұр-Сұлтанда эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты 6 шілдеде қала күні атап өтілмейтін болды.

«Соңғы аптада алдыңғы аптамен салыстырғандар науқастану деңгейінің 65 пайызға немесе 1400 жағдайға өсуіне байланысты және эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауын ескере отырып, қосымша қатаң іс-шаралар енгізілетін болады», — деді қаланың санитар дәрігері Сархат Бейсенова.

Оның атап өтуінше, елорда аумағында саябақтардағы ашық ауада жұмыс істейтін аттракциондардың жұмысына тыйым салынады. Қала күнін атап өтуге де шектеулер енгізіледі. Бұл ретте іс-шаралар онлайн форматта және ашық ауада Ашық жобасы арқылы ғана жүргізіледі. Алайда көрермендердің қатысуымен концерттік іс-шаралар да өткізуге болмайды.

Сондай-ақ, барлық тамақтандыру қызметтері қызыл аймақ критерийлері бойынша таңғы 7:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

«Ірі спорт кешендерінде көрермендердің қатысуымен спорттық іс-шараларды өткізуге, экскурсиялық турлар ұйымдастыруға тыйым салынады. Білім беру орталықтардында білім алушылардың саны 15-тен 10 адамға дейін қысқартылады және демалыс күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады», — деді Сархат Бейсенова.