Биыл еліміздің кітап қоры 30 әлемдік жауһар туындылармен толықпақ — Қазақстан жаңалықтары

0

Биыл елімізде кітап қоры тағы 30 әлемдік жауһар туындылармен толықпақ. Сондай-ақ БҰҰ-ның негізгі алты тіліне қазақ ақын-жазушыларының шығармалары тәржімәланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеп.

Биыл еліміздің кітап қоры 30 әлемдік жауһар туындылармен толықпақ

Бүгін Ақордада президент жанындағы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жқніндегі ұлттық комиссия қоғмдық сананы жаңғырту мәселелерін қарады.

Мемлекеттік хатшы Марат Тәжиннің жетекшілігімен өткен отырыста «Рухани жаңғыруды» әрі қарай іске асыру жұмысын жандандыру қажеттігі айрықша аталып өтіліп, бір қатар тапсырмалар берілді. Бұған дейін бағдарлама аясында шет тілдерден 48 үздік оқулық қазақ тіліне аударылған.

«Киелі Қазақстан» жобасы бойынша 28 тарихи нысанға рестоврация жасалды.

Латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиі бекітілді. «Туған жер» жобасы аясында меценаттар қаражатымен 27 мектеп, 115 балабақша, 479 әлеуметтік инфрақұрлым нысаны бой көтерген.

 

stan.kz