Биыл елімізде ұрланған ұялы телефондардың жалпы құны 2,8 миллиард теңге болды

0
Смартфон

ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің  мәліметінше, 2018 жылдың тоғыз айы ішінде Қазақстанда ұялы телефон ұрлаудың 31 111 оқиғасы тіркелді. “НОМАД Иншуранс” сақтандыру компаниясының мамандары ұрлықтың бұл түрі елімізде тіркелген барлық ұрлық деректерінің 23%-ы болады деп отыр.

Ұялы телефон ұрлығы Алматыда ең көп тіркелген (7 412 дерек), содан кейінгі орындарда – Астана (2 915), Алматы облысы (2 810), Қарағанды облысы (2 448) және Шығыс Қазақстан (2 354) облысы. Ұялы телефон ұрлығы ең аз тіркелген өңірлер қатарында Маңғыстау (325), Солтүстік Қазақстан (525), Қызылорда (528), Атырау (621) және Түркістан (881) облыстары бар.

Дегенмен ұрлық статистикасын әр облыстағы халық санымен салыстырсақ және ұрлықтың халықтың жан басына шаққандағы коэффициентін есептесек, 100 000 адамға шаққандағы ұрлық саны бойынша Алматы, Астана, Шымкент пен Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары көш бастайды.

Өңірлер бойынша ұялы телефондарды ұрлау статистикасы

Облысы Ұрлық саны Әрбір облысқа ұрлық үлесі Халық саны 100 000 адамға санағандағы ұрлық саны*
Алматы қ. 7 412 24% 1 843 103 402
Астана қ. 2 915 9% 1 060 835 275
Шымкент қ. 2 123 7% 1 010 514 210
Ақтөбе 1 770 6% 866 442 204
Батыс Қазақстан 1 310 4% 650 823 201
Қостанай 1 560 5% 873 721 179
Қарағанды 2 448 8% 1 379 262 177
Шығыс Қазақстан 2 354 8% 1 380 060 171
Алматы 2 810 9% 2 033 128 138
Павлодар 1 028 3% 753 940 136
Ақмола 992 3% 739 612 134
Жамбыл 1 128 4% 1 122 839 100
Атырау 621 2% 630 545 98
Солтүстік Қазақстан 525 2% 555 737 94
Қызылорда 528 2% 791 551 67
Маңғыстау 325 1% 673 268 48
Түркістан 881 3% 1 968 899 45
Қалғандары 385 1%
БАРЛЫҒЫ 31115 18334279 170

 

* Ұрлық статистикасы – Қазақстан Республикасының Бас прокурорының мәліметі бойынша

** Ұрлық коэффициенті шамамен ҰК = формуласы бойынша есептеледі (ұрлық саны * 100,000) / Халық саны

IDC Quarterly Mobile Phone Tracker мәліметі бойынша 2017 жылы Қазақстандағы смартфонның орташа бағасы 247 долларға немесе қазіргі бағам бойынша 91 390 теңгеге жетті. Ұрлық статистикасын есептегенде 2018 жылдың тоғыз айында қазақстандықтардан ұрланған ұялы телефондардың жалпы құны 2,8 миллиард теңге болады.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!