Биыл елімізде өндірілген жасыл энергия көлемі 20 пайызға артқан

0

Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Энергетика вице-министрі Сәбит Нұрлыбайдың айтуынша, 2018 жылдың 1-ші жартыжылдығында 630 млн киловатт/сағат жасыл энергия өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19 пайызға артық.

«Қазақстан 2050 стратегиясына сәйкес, еліміздің дамуының жаңа бағыттарының бірі – жасыл экономикаға көшу. Сондай-ақ, 2013 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының жасыл экономикаға көшу жөніндегі тұжырымдамасы қабылданды. 2017 жылы жаңартылатын энергия көздерінен шамамен 1,1 млрд киловатт/сағат жасыл энергия өндірілді. Биыл тағы да 200 мегаватт қуат енгізу жоспарланып отыр. 2020 жылға дейін жаңартылатын энергия көздері арқылы өндірілген электр энергиясын алу үшін инвесторларлардың жасаған жобаларын іске асыру арқылы 53 нысанға қол жеткізу жоспарлануда», — деді Сәбит Нұрлыбай Сенатта Жасыл экономика тақырыбында өтіп жатқан Үкімет сағатында.

Вице-министрдің айтуынша, бүгінгі күні елімізде қуаттылығы 430 мегаваттық 66 жаңартылған энергетика объектісі жұмыс істейді. 2018 жылдың 1-ші жартыжылдығының қорытындысы бойынша шамамен 630 млн киловатт/сағат жасыл энергия өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19 пайызға артық.

«Мен жаңағы айтқан 53 және 66 жобаның арқасында біз 2 гегаватт электр энергиясын өндіреміз. Бұл бүкіл электр энергиясының 3 пайызы болады. Бұл біздің индикаторға сай келеді», — деді Сәбит Нұрлыбай.














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:


Дереккөз: BAQ.KZ