Биыл байлар қанша ақша жоғалтты?

0

Әлемдегі әртүрлі санкциялар, АҚШ — тың бірқатар елдермен арадағы сауда соғысына байланысты төрткүл дүниедегі байлардың тұрақты табысы биыл кілт төмендеп жатыр. Әрине, мұның себебі әртүрлі екені сөзсіз. Бірақ Bloomberg агенттігі 2018 жылы көптеген компаниялар үшін сәтсіз жыл болғанын алға тартуда. Халықаралық нарықтағы  күрделі жағдайға байланысты әлемнің байлары биыл 511 миллиард доллар жоғалтқан. Аз ақша емес. Сонда олар кімдер?

Мысалы, Amazon компаниясының қожайыны Джефф Безос қыркүйек айының өзінде 168 миллион доллар табыс тапқан, алайда  оның капиталы жыл соңына дейін 69 миллиард доллардан 53 миллиард долларға күрт төмендеген.

Ал  Facebook әлеуметтік желісінің иесі Марк Цукерберг дағдарыстың әсерінен 23 миллиард доллар жоғалтқан.

2018 жыл азиялық кәсіпкерлер үшін де қолайлы жыл бола қойған жоқ. Мысалы, Dalian Wanda Group кеомпаниясының негізін қалаушы Ван Цзяньлиньнің өндірісі  11,1 миллиарл доллар шығынға ұшыраған. Таяу Шығыста да жағдай оңып тұрған жоқ. Сауд Арабиясындағы бірқатар бизнесмендердің сыбайлас жемқорлыққа байланысты ұсталуына байланысты олар да  орасан зор ақша жоғалтты. Ханзада әль Валидтің байлығы 3,4 миллдиард долларға азайған. Биылғы жылы еуропалық кәсіпкерлердің де еңсесі біршама түсіп тұр. Автокөлік бөлшектерін өндірумен айналысатын Schaeffler Gruppe компаниясының қожайыны Шеффлердің әулеті 17 миллиард доллар зиян шекті. Мексикалық миллиардер Карлос Слим Латын Америкасындағы бай адам әрі мобильдік байланыстың ең ірі операторы ретінде  бұрынырақта әлемдегі байлардың көшін бастағаны белгілі. Биыл біршама шығынға ұшыраған кәсіпкер дағдарыстан кейін тізімде алтыншы орынға түсті. Алайда оның байлығы бәрібір аз емес.

Мұнай бағасының құлдырауы, АҚШ пен Еуропа елдерінің санкциялары ресейлік кәсіпкерлердің өндірісіне де әсер етуде. Бәрінен бұрын ресейлік бизнесмен Олег Дерипасканың әл-ауқаты 5,7 миллиард долларға төмендеген көрінеді.

Бірақ бұл бір сәттік нәрсе екенін айта кеткен жөн. Жалпы әлемдегі байлардың табысы бірде төмендеп, бірде жоғарылап тұратыны анық.

«Қамшы» сілтейді