Биыл Алматы облысында орталықтандырылған ауыз сумен қамту деңгейі 99%-тен асады

0
31

Биылғы жылы Алматы облысында орталық сумен қамтамасыз ету деңгейі 99%-тен асады. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Президент жанындағы ОКҚ алаңындағы брифинг кезінде мәлімдеді, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

«Облыста орталық сумен қамтамасыз ету деңгейі — республикадағы жоғары көрсеткіштің бірі, ол бүгінгі күні 98,3%-ті құрап отыр, яғни 678 елді мекен қамтылған. Биыл 99,5%-ке (685 е/м) жеткіземіз», — деді спикер.

Алматы облысында жылдан жылға жолдардың сапасы жақсарып келеді. Биылғы жылы облыстық маңызы бар 316 шақырым жол және 154 елді мекеннің ауылішілік жолдары жөнделді, оған 47,3 млрд.теңге бөлінді.

Жыл соңына қарай жақсы және қанағаттанарлық деңгейдегі жолдар үлесі 89 процентке жетеді.

 

Алматы облысының баспасөз қызметі.