Биыл 600 мыңға жуық қазақстандықтың жалақысы 20 пайызға өседі

0

Жалақыны көтеру бухгалтерлер, экономистер, заңгерлер, мұрағатшылар, кітапханашылар, мұражайтанушылар, орманшылар, техникалық персонал бойынша жұмыс істейтін қызметшіге әсер етеді.

Биыл азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы 20%-ға көтеріледі, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар — ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасын орындау мақсатында биыл азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын орташа есеппен 20%-ға кезең-кезеңімен арттыру жалғастырылады.

«Жалақыны көтеру бухгалтерлер, экономистер, заңгерлер, мұрағатшылар, кітапханашылар, мұражайтанушылар, орманшылар, техникалық персонал және тағы басқа мамандықтар бойынша жұмыс істейтін 600 мыңға жуық азаматтық қызметшіге әсер етеді. Осылайша, 2022-2025 жылдар аралығында азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы 2 есе ұлғаяды», — делінген министрлік хабарламасында.