Биыл 1-сыныпқа қабылдау 1 сәуірде басталады

0

Биыл 1-сыныпқа қабылдау 1 сәуірде басталады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

«2021 жылы 1 сәуірден бастап 1-сыныпқа қабылдау басталады. Осы кезде барлық құжат цифрлы түрде іске асырылуы тиіс. Мамыр айына дейін қарастырылып, кем-кетіктер жөнделуі керек. Білім басқармалары, барлық әріптес мамыр айында жасалған жұмыстар жайлы есеп беретін болады», — деді Асхат Аймағамбетов.

2021 жылы мектепке қабылдау, колледж бен ЖОО-ға қабылдау, грантқа өтініш қабылдау секілді кең қолданылатын қызметтер цифрлы форматқа ауысады.

«Интерфейсінен бастап, құжаттарына дейін бәріне түсінікті болуы шарт. Көп қызмет проактивті болуы тиіс.

Мектептен мектепке ауысу, колледжден колледжге ауысу, ЖОО-нан басқа ЖОО-на ауысу электронды түрде болатындай жұмыстар жасалады. Мұғалімдерді аттестациялау мәселесі, құжат қабылдау электронды форматқа ауысатын болады», — деп түсіндірді Аймағамбетов.