“Бітеу жара ішімде” — Жанар Айжанова марқұм жолдасының қайтыс болардан бір күн бұрын түскен суретін жариялады
Танымал әнші, актриса Жанар Айжанова әлеуметтік желідегі парақшасында марқұм жолдасының соңғы түскен фотосын жариялап, жазба қалдырды.
“Айжұлдыздың папасымен түскен суретіміз барлық жерде жүр екен. Мен де біреуін қосайын. Мынау қайтыс боларынан бір күн бұрын сыныптастарымен бірге болған күніміз. Маған өзі қолқа салып, “Кешікпей келем деп ең, мен тұрмын елеңдеумен” деген Шәмшінің әнін айтқызды. Өзі де қосылып отырды. Құрдастары сен де әнші болып кетпе деп қалжыңдаған еді. Көңілді кеш болып, тарқастық. Ертеңіне қазір келем деп кеткен еді, содан оралмады. Елеңдеумен қала бердім. Қайғысыз адам, күйесіз қазан жоқ” деген осы шығар?! Сыртымыздан қараған адамға маңдайымызға шаң тимегендей көрінетін шығармыз. Жатыр ғой бітеу жара ішімізде”, – деп жазды әнші.
фото: әлеуметтік желіден