Бішкектен шығып, апатқа ұшыраған ұшақта қазақстандықтардың бар-жоғы анықталуда

0
Әлемде

Қысқа сілтеме алу

311 0 0

Дипломаттар Иран құзырлы органдарымен, Қырғызстанның Ирандағы елшілігімен байланыс орнатты

АСТАНА, 14 қаңтар — Sputnik. Тегеран түбінде апатқа ұшыраған Boeing 707 ұшағының бортында қазақстандықтар болғаны туралы әзірге ақпарат түскен жоқ. Бұл туралы Қазақстан сыртқы істер министрлігі Қазақстанның Ирандағы елшілігінің мәліметіне сүйеніп хабарлады.

Cыртқы саяси ведомствоның қызметкерлері өкілетті органдармен және Қырғызстанның Ирандағы елшілігімен хабар алысып отыр. Қосымша ақпарат кейінірек беріледі, деп атап өтті СІМ. 

Boeing 707 жүк ұшағы Қырғызстан астанасынан Карадж (Тегеран қаламаңы — Sputnik) қаласындағы халықаралық әуежайға бет алған. Алайда қателесіп сол қаладағы «Фатх» әуежайына қонады. Қону кезінде ұшқыш әуе кемесін басқара алмай, ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, адамдар тұратын ауданға кіріп кеткен. 

Иран төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, апат орнынан жеті адамның мәйіті табылды. Ұшақ бортында 16 адам болған, тек біреуі аман қалды, деп жазды РИА Новости. Манас халықаралық әуежайы ұшақта Қырғызстан азаматтары болмағанын хабарлады. 

Boeing Иран армиясына тиесілі екені және ет әкетіп бара жатқаны белгілі болды. Ұшақтың қара жәшігі табылды.    


Дереккөз: https://sputniknews.kz/