Бішкектегі ШЫҰ саммитінде терроризм мәселесі талқыланды
14 маусымда Бішкекте Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің басшылары саммитінде терроризм және есірткі саудасымен күрес, экономикалық даму, индустрия және гуманитарлық көмек мәселелерін талқылады. Жиында Ауғанстандағы жағдай, Иранның ядролық келісімі, Сириядағы жағдай да сөз болды.
Саммит қорытындысы бойынша Бішкек декларациясы қабылданды.
Саммитке Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қытай жетекшісі Си Цзиньпин, Ресей президенті Владимир Путин, Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков, Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзияев, Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди, Пәкістан премьер-министрі Амир Кхан қатысты.
Жиынға ШЫҰ бас хатшысы Владимир Норов, ШЫҰ аймақтық терроризмге қарсы құрылымы комитетінің директоры Джумахон Гиесов келді.
Ауғанстан президенті Ашраф Гани, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Иран президенті Хасан Рухани, Моңғолия президенті Халтмаагийн Баттулга бақылаушы ретінде қатысты.
Саясат, экономика мен қауіпсіздік мәселесін талқылайтын, Мәскеу мен Пекиннің ықпалы басым ұйым 2000 жылдардың басында құрылған. ШОС-қа Ресей, Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстан мүше. 2017 жылы ұйым қатарына Үндістан мен Пәкістан қосылған. Ауғанстан, Беларусь, Иран мен Моңғолия бақылаушы ел статусына ие.