Бішкекте шошқа тұмауы салдарынан мектептер жаппай карантинге жабылуда

0

Бішкекте шошқа тұмауы салдарынан мектептер жаппай карантинге жабылуда, деп хабарлады деп хабарладыйды Kznews.kz порталы Kaztag.kz сайтына сілтеме жасап.
Бүгін 32 мектеп карантинге жабылды. Кеше 8 мектеп жабылған еді. Осылайша қаладағы 40 мектеп карантинге жабылды.

Вице-мэр Виктория Мозгачева редакцияның ақпаратын растады. №8, 14, 17, 22, 27, 30, 33, 34, 35, 56, 62, 63, 71, 73, 75, 83, 88, 98, 16, 11, 74, 2, 66, 74, 89, 21, 80, 47, 57, 97, 79, 74 мектептер жабылды.

Басылым, бұл тізімнің көбеюі мүмкін екенін атап өтті. Еске салсақ, ҚазТАГ Қырғызстанда В типті тұмау мен шошқа тұмауының тарағанын хабарлаған еді. Қазақстанда денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, шошқа тұмауы тіркелмеген, бірақ тұмаудың басқа түрлері өршіп тұр.

фото: pixabay