Бішкекте Қырғызстан президентінің туысы Ұлан Жапаров ұсталды

Бұл туралы «24.kg» хабарлайды.
32 жастағы Ұлан Жапаров Бішкектің тергеу изоляторына қамалды.
«Алдын ала мәліметтер бойынша қылмыстық іс ҚК-нің «Сыбайлас жемқорлық» бабы бойынша қозғалған. Істі ІІМ тергеу қызметі тергеп жатыр», — деп хабарлады редакция.
Редакция дереккөздерінің мәліметінше, ол Садыр Жапаровтың немере ағасы Рақымжан Жапаровтың ұлы.
ақпарат: Orda.kz
Фото: tengrinews.kz