Бішкекте 17 жастағы қыз 6-шы қабаттан секірді (видео)

0

Қызға айтылған ақыл-кеңестер нәтиже бермеді.

20 ақпанда Бішкекте өзіне өзі қол салмақ болған 17 жастағы бойжеткен 6-шы қабаттың терезесінен сыртқа секіріп кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ІІМ баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады. Сағат 14:20-да Бішкектің Октябрь аудандық ішкі істер басқармасына суицид жасау әрекеті туралы хабар келіп түсті. «Тунгуч» ықшамауданында белгісіз бойжеткеннің көпқабатты үйдің алтыншы қабатынан секіргелі тұрғаны айтылған.

Оқиға орнына полицейлер аттанды.

«Бойжеткен алтыншы қабаттағы пәтерде болған. Пәтер есігі жабық болды. Қызға айтылған ақыл-кеңестер нәтиже бермеді. Полицейлер терезенің түбінде кілем жайып дайын тұрды. Төтенше қызметкерлері есікті бұзып кірген кезде қыз терезеден секіріп кетті.

Алайда милиция қызметкерлері қыздың өмірін сақтап қалды. Жерде тартылған кілем соққыны жеңілдетті», – делінеді хабарламада.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!



Zakon.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз