Бішкекке Бакуде ұсталған қырғыз экс-шенеунігін жеткізді

0
106

Әзербайжаннан Бакуге Қырғызстан Мемлекеттік кеден қызметінің бұрынғы төрағасы Адамқұл Жүнісовті экстрадициялаған. Қырғызстанның экономикалық қылмыспен күрес мемлекеттік қызметінің баспасөз хатшысы Анастасия Пискурдың Азаттықтың Қырғыз қызметіне хабарлауынша, Жүнісовті Бішкекке 28 желтоқсанда жеткізген.

Әзербайжан билігі Адамқұл Жүнісовті Бішкектің сұрауы бойынша 5 желтоқсанда Нью-Йорктен ұшып келген бетте Баку әуежайында ұстаған.

Бұған дейін Қырғызстан билігі Жүнісовке «2013-2016 жылдары Мемлекеттік кеден қызметін басқарған тұста коррупциялық әрекет жасап, мемлекетке 166 миллион сом (2,1 миллион долларға жуық) зиян келтірген» деген айып таққан. Биыл 28 тамызда Бішкек соты күдіктіні қамауға алу туралы сыртынан санкция шығарған соң Адамқұл Жүнісовке іздеу жарияланған.

Дереккөз: Азаттық