Бішкек қаласының тұрғындары Қытай саясатына қарсы наразылық шеруге шықты


Қырғызстан астанасының орталығында 200-ден астам наразылық шеруге шықты.
Қытай елінің қайта даярлау лагерьлеріндегі қырғыз қандастарының қысымға ұшырағанын естіген халық, біраз уақыттан бері бас көтеріп келеді. Желтоқсанның 20-ы күні Бішкектегі Қытай елшілігінің алдына барып өздерінің қарсылықтарын білдірсе, енді Қырғыз астанасының орталығында Жоғарғы Кенешке төрт талап қойып отыр.
Жаппай митингіге шыққан халық:
— Қырғыз қыздарының Қытай азаматтарына тұрмысқа шығуына заңмен тыйым салу;
— Қытайларды елге кіргізбеу және Қырғыз азаматтығын бермеу;
— Тез арада Қытайдан алынған қарызды қайтарудың жолын табу;
— Әкімшілік айыппұл мөлшері мен салықты азайту.
Бішкек қаласының Шу және Еркіндік көшелерінің қиылысына жиналған тұрғындар өздерінің қарсылықтарын білдіріп, Жоғарғы Кенешке қол жинап өткізді.