Бишімбаевтың ісі Жоғарғы сотқа жіберілді
Әйелін өлтірді деген айып тағылып, ақыры 24 жылға бас бостандығынан айырылған Қуандық Бишімбаев темір тордың ар жағында әлі күнге дейін сот шешіміне келіспей отыр. «Жаза бастым» деп жазасын жеңілдетуді сұрайды.
Сот кеңсесіне түскен ақпаратқа сәйкес, Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың ісі Жоғарғы сотқа жіберілген. Ал 5 тамызда іс судьяға берілген.
Естеріңізге сала кетейік, 13 мамырда Астанада Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот процесі аяқталды. Сот бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты әйелін азаптап, өлтіргені үшін кінәлі деп тапты. Ол 24 жылға бас бостандығынан айырылды.
Ал оның інісі Бақытжан Байжанов қылмысты жасырғаны үшін кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылған еді.
26 маусымда сот алқасы Бишімбаев пен Байжановтың апелляциялық шағымы бойынша үкімін өзгеріссіз қалдырып, шешім шығарды.