Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилердің суретін таратқандар жазаланады

0

Қуандық Бишімбаевтің ісіне қатысты алқабилердің жеке бейнелерін жариялағандарға сот үндеу жасады. Бұл ретте БАҚ туралы заң бойынша бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі, таратушысы, бас редакторы, сондай-ақ таратылатын материалдардың авторлары жазаланады, деп жазады ҚР Жоғарғы соты.

— Процесс барысында іс бойынша төрағалық етуші алқабилер алқасының фото-бейнетүсіріліміне, сондай-ақ олардың бейнелерін таратуға тыйым салу туралы бірнеше рет ескертті. Тыйым алқабилерге қысым көрсетудің кез келген мүмкіндігін болдырмау мақсатында белгіленген. Бұл тыйымды бұзу сотқа қысым жасау әрекеті ретінде қарастырылады. Осыған байланысты сот кінәлі адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тарту рәсіміне бастамашылық жасады, — делінген хабарламада.

фото: caravan.kz