Бишімбаевтың ата-анасы жалған ақпарат тартты деп сотқа берген журналистті жеңе алмады

0

Астанада Бишімбаевтың ата-анасы елордалық әйелдің Бишімбаевтың туыстарынан үкімді жеңілдету үшін 100 миллион теңге сұрады деген ақпаратты таратқан журналистті сотқа берді. Алайда сот журналистті ақтап шығарды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Журналисттің сотта жеңіп шыққанын адвокат Дамир Ишмаметов желіде жариялады.

“Бүгін Астана қаласының әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Сырым Итқұловқа қатысты істі тоқтату туралы қаулы шығарды.

В. Бишімбаев пен А. Нұрлыбекова (Қуандық Бишімбаевтың ата-анасы) полицияға белгілі журналист/блогер Итқұлов Сырымды әкімшіге жауапкершілікке тарту туралы «болжам бойынша» жалған ақпарат таратқаны үшін шағымданған. Атап айтқанда қылмыстық іс бойынша мәселені шешу үшін 100 миллион теңге сомасында ақшалай қаражат беру кезінде Астана тұрғынын Антикор қызметкерлері ұстағаны туралы ақпарат таратқан.

Сот кезінде филолог маманның қорытындысы жасалып, Иткуловтың әлеуметтік желіде шынайы ақпарат жариялағаны белгілі болды. Қорытынды бойынша өтініш берушілердің дәлелдері расталмады. Итқұлов мемлекеттік органдар берген ақпаратты жариялаған”, -делінген жазбада.

Еске салсақ, Үкімді жеңілдетіп беремін деген елордалық әйел Бишімбаевтың туыстарынан 100 миллион теңге жымқырды деп айыпталғанын хабарлаған едік.