Бишімбаевтың адвокаты бірінші сатыдағы соттың 20 қатесін тізді

0

Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов экс-министрге қатысты шыққан үкіммен келіспейтінін айтты, — деп хабарлайды Kznews.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

«Мен адвокат ретінде бұл үкіммен келіспеймін. Ол заңсыз деп есептеймін. 106 — бап-абайсызда адам өлтіру, өзгертілген бапқа сәйкес жазаны төмендету керек деп есептеймін. Ал Азаптау бабы бойынша үкімнің күші жойылып, іс басқа құрамда жаңа қарауға жіберілуі керек деп санаймын. Үкімді өзгерту әбден мүмкін нәрсе. Себебі бірінші сатыдағы сотта заңбұзушылықтар болды», — дейді адвокат.