Бишімбаевқа тамақпен бірге есірткі тасымалдаған — ІІМ жауап берді

0

ҚР ІІМ изоляторда жатқан Қуандық Бишімбаевқа тамақ арқылы есірткі тасымалданды деген ақпаратты жоққа шығарды.

7 шілдеде елордадағы тергеу изоляторында жатқан тұтқынға белгісіз әйел марихуана қосылған голубцы апарғаны туралы ақпарат тарады, деп жазады Stan.kz.

Кейіннен бұл Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаевқа арналған деген қауесет тарады.

“№64 мекемеде голубцы тағамының арасына салып, тыйым салынған затты өткізу әрекетінің жолы кесілді. Алайда бұл деректің Бишімбаевқа еш қатысы жоқ”, – деп хабарлады Ішкі істер министрлігі.

Осы оқиғадан кейін елордалық тергеу изоляторында тергеуде отырғандар мен сотталғандарға тартылған ет қосылған тағам әкелуге тыйым салынғаны хабарланды. Алайда Ішкі істер министрлігі өнімге қатысты жаңа ережелер енгізілмегенін мәлімдеді.

Жазда тез бұзылатын азық-түлікті әкелуге тыйым салынады. Тергеу изоляторындағыларға туыстары мен жақындары сәлемдеме түрінде дайын азық-түлік әкелуге тиіс.
Фото: Астананың Қылмыстық-атқару жүйесі