Бишімбаев сотын қазақстандықтар онлайн көре алады

0

Бүгін елорданың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилерді іріктеу өтті, деп хабарлайды Kznews.kz ақпарат агенттігі El.kz  сайтына сілтеме жасап.

Алқабилер алқасына 12 адам таңдалды: 10 – негізгі құрам, 2 – қосалқы.

Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша маңызды сот отырысы сағат 16:00-ге белгіленді. Сот отырысының онлайн трансляциясын Жоғарғы Соттың YouTube-каналынан сына сілтеме бойынша көре аласыздар.

фото: Астана қалалық соты