Бишімбаев өзі отырған түрменің басшылығын сотқа берді
![](https://kznews.kz/wp-content/uploads/2025/02/IMG_7438-905x613.png)
Бұрынғы министр Қуандық Бишімбаев жұбайы Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жылға сотталған. Ол жазасын өтеп жатқан колония әкімшілігін көтермелеу шарасын қолданудан бас тартқаны үшін сотқа берген.
Сотталған азамат әкімшілік тарапынан көтермелеу шарасы берілмегені жөнінде сотқа жүгінді. Алайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жазасын өтеу тәртібін бұзған сотталғандарға көтермелеу шарасы қолданылмайды. Бұл сотталған азаматтың бір тәртіп бұзушылығы болғандықтан, оған көтермелеу шарасы берілмеді, – деп хабарлады Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті.