Бишімбаев ісіне қатысқан прокурорлар мемлекеттік наградамен марапатталды

0

Экс-министр Қуандық Бишімбаевты ісіне қатысқан прокурор Айжан Аймағанова мен Саяхат Нұрбеков мемлекеттік наградамен марапатталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Республика күні мерекесіне орай Бас прокуратура қызметкерлерді марапаттады. Олардың қатарында бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысып, танымал болған Айжан Аймағанова мен Саяхат Нұрбеков те бар.

Бас прокурордың ұсынуымен мемлекет басшысы қос прокурорды мемлекеттік наградалармен, оның ішінде «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады.

Сондай-ақ прокурорлар қызметтік міндеттерін мінсіз атқарғаны үшін оларға ведомстволық медальдар және алғыс хаттар берілді.

Бұған дейін Бишімбаев ісі бойынша танылған прокурор Айжан Аймағанова жаңа қызметке тағайындалған еді.